Қазақстан білікті мамандары бойынша алғашқы 30 ел қатарына енді

1193

Қазақстан білікті мамандары бойынша алғашқы 30 ел қатарына енді

Еліміз білікті мамандары бойынша әлемнің алғашқы отыз елінің қатарына енді. Осылайша, маман дайындау мен оларды ұстап тұру және шетелдік кадрларды тарту бойынша жүргізілген халықаралық рейтингте Ресей, Жапония секілді елдерді басып озды.

Мұндай сараптаманы жылдағы дәстүр бойынша IMD World Talent Ranking халықаралық менеджментті дамыту институты жасаған. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан былтырғы көрсеткішінен 14 сатыға жоғарылап 30-шы орынға жайғасқан. Ал, бізден кейінгі орында Жапония тұрса, Ресей 43-ші болып отыр. Сараптаманың жеңімпазы тағы да Швейцария деп танылды. Ал, алғашқы ондыққа биыл Дания, Бельгия, Австрия, Финляндия, Нидерланды, Норвегия, Германия, Швеция және Люксембург енген. Жалпы, рейтингке әлемнің 63 елі қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу