Қазақстан білім беру бойынша үздік елдер рейтингінде 71-орында

3692

Салада ең жоғары жалақыны жоғары білім беру қызметкерлері алады – 299 мың теңге.

Қазақстан білім беру бойынша үздік елдер рейтингінде 71-орында

2021 жылғы білім беру бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің арасында 71-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы төртінші тоқсанда білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы 219,2 мың теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 24,2%-ға артық.

Сектордағы жалақының нақты сатып алу қабілеті бір жылда 14,3%-ға өсті.

Қазақстанда орташа айлық жалақы – 275,6 мың теңге, бұл білім беру саласындағы жалақыдан 25,7%-ға артық. 2020 жылғы ұқсас кезеңде білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы – 176,5 мың теңге болды, бір жылда плюс 25,9%.

Сектордағы ең жоғары жалақыны жоғары білім беру қызметкерлері (299 мың теңге), ал ең төмен жалақыны мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері (112,6 мың теңге) алады. Орта білім беру секторында қызметкерлер – 246,9 мың теңге, қосымша білім беруде – 203,7 мың теңге, бастауыш білім беруде – 180,1 мың теңге, білім берудің басқа түрлерінде – 175,4 мың теңге алады.

Елордада білім саласындағы қызметкерлер басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары жалақы алады – 344,5 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық. Үздік үштікке Алматы (265,4 мың теңге) және Алматы облысы (247,4 мың теңге) енді. Батыс Қазақстан облысындағы білім беру саласындағы қызметкерлері басқа өңірлермен салыстырғанда ең аз жалақы алады (181,7 мың теңге).

Өткен жылы төртінші тоқсанда секторда 1,1 млн адам жұмыс істеді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1%-ға көп.

Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі Түркістан облысында (142,9 мың адам). Бір жылдағы өсім – 3,2%. Үздіктердің қатарына Алматы облысы (128,6 мың адам) және Алматы (91,2 мың адам) енді. Білім беруде жұмыспен қамтылғандардың үлесі Солтүстік Қазақстан облысында (35,2 мың адам).

US News & World Report білім беру бойынша үздік елдердің 2021 жылғы рейтингінде Қазақстан 78 елдің арасында 71-орынды иеленді.

Сарапшылардың пікірінше, рейтинг көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия болды. Ең соңғы орында – Гватемала.

Рейтингте ТМД елдерінің арасында Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды. Ресей, Украина, Беларусь және Әзербайжанның көрсеткіштері елімізден жоғары. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу