Қазақстан биыл Ресейге 12 млрд текше метрден астам газ жеткізуге уағдаласты

776

Қазақстан биыл Ресейге 12 млрд текше метрден астам газ жеткізуге уағдаласты

Астана қаласында өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Газпром" ЖАҚ арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша 2017 жылы қазақстандық газ жеткізу көлемі келісілді, ол  12,8 млрд текше метрден астамды құрайды.

"ҚазТрансГаз" АҚ мен "Газпром" ЖАҚ экспортталатын газ көлемін жыл өткен сайын арттырып келеді. Отандық газ саласы үшін 12,8 млрд текше метр  көлемде газ экспорты туралы уағдаластық стратегиялық маңызға ие, деп мәлім етті "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы бұрын қол жеткізілген үкіметаралық келісімдерді іске асыру, сондай-ақ өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Газпром" ЖАҚ дәстүрлі бірлескен консультациялар жүргізеді және ұзақ мерзімді кезеңге ынтымақтастықтың негізгі ұстанымдарын айқындайды.

Бүгінгі күні газ бойынша Ұлттық оператор ретінде қызмет атқаратын ҚазТрансГаз тауарлық газға ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыруда және отандық газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға кұш салып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу