Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов салынып жатқан үйлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Вице-министрдің сөзінше, республика бойынша 44 нысанның құрылысында мәселе бар.
"Оның ішінде үшеуінің құрылысы бітті, тағы 2-уінің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. 124 нысан "сары" аймақта тұр. Олар да проблемалы болуы мүмкін. Біз оларды әкімдіктермен бірге бақылауда ұстап отырмыз", – деді Қуандық Қажкенов Сенат кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін құрылыс саласындағы көптеген ережелер Кеңес кезінен қалғанын жазғанбыз. Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтуді тапсырған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу