Қазақстан бойынша сары майдың орташа бағасы 3852 теңге

416

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 5,8% өсті. 

Қазақстан бойынша сары майдың орташа бағасы 3852 теңге Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 26 қыркүйек/:

  • Айран, 2,5% – 413 тг/л
  • Сары май – 3852 тг/кг
  • Картоп – 153 тг/кг 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу