Қазақстан бойынша тауық етінің орташа бағасы белгілі болды

111

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 0,4% өсті. 

Қазақстан бойынша тауық етінің орташа бағасы белгілі болды Фото: Индюшонок

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 16 сәуір/: 

  • Тауық еті – 1340 тг/кг 
  • Күнбағыс майы – 651 тг/кг
  • Картоп – 139 тг/кг
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу