Қазақстан бойынша телерадио хабарларын тарату 14 сағатқа тоқтайды

155

Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ хабарлады.  

Қазақстан бойынша телерадио хабарларын тарату 14 сағатқа тоқтайды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

22 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұндай профилактикалық жұмыстар телерадио желілерінің тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

"Қазтелерадионың" мәліметінше, жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу