Қазақстан бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады

1089

Жылдың үздік боксшысы атағын Бекзад Нұрдәулетов жеңіп алды.

Қазақстан бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады

Қазақстан бокс федерациясы биылғы маусымды қорытындылап, жыл үздіктерін анықтады, деп жазады Olympic.kz.

Жылдың үздік боксшысы атағын Бекзад Нұрдәулетов жеңіп алды. 21 жастағы маңғыстаулық боксшы биыл Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын. 

2019 жылдың үздік боксшысы атағын қарағандылық Милана Сафронова да иеленді. Ол биыл әйелдер боксынан әлем және Азия чемпионаттарында жүлдегер атанған. 

Үздік жас боксшы атағын жастар арасындағы Азия чемпионы Махмұд Сабырхан еншілесе, жастар командасының үздік жаттықтырушысы атағына Махмұдтың бапкері Ілияс Оралбек лайық деп танылды. 

Қыздар арасындағы үздік жас боксшы атағын Азия чемпионы Анель Сақыш жеңіп алды. Үздік федерация атағына Маңғыстау облысы ие болса, үздік төреші атағын халықаралық дәрежедегі төреші Ғани Ысқақов иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу