Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтасуға дайын – Қасым-Жомарт Тоқаев

701

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасарлары Атул Харемен және Жан-Пьер Лакруамен кездесті.

Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтасуға дайын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Кездесу барысында бейбітшілікті қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздік және ықпалдастық мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі..

"Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттері мен мақсаттарын құрметтейді. Біз БҰҰ бас хатшысы ұсынған реформаларды, соның ішінде бітімгерлік миссияларды қолдаймыз. Біз бітімгерлік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі әлем өте құбылмалы болып тұр. Сондықтан, біздің бірлескен қызметіміз жер шарын мейлінше тұрақты әрі қауіпсіз етеді деп үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атул Харе БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу