Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту бойынша рейтингіде 29-орында

1084

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс" форумының ашылуында осылай деп мәлімдеді. 

Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту бойынша рейтингіде 29-орында

"Айқын шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмысын жеделдеттік. 2020 жылы 20 мың талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша МЖӘ жобасы аяқталды. 1 000-нан астам мобильді байланыстың базалық станциясы орнатылды, бұл өңірлердегі технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде Қазақстан халқын интернетпен қамту бүгінде 99%-ды құрайды", — деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы ел азаматтары үшін тұлға биометриясы бойынша қашықтан сәйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті. Жиынтықты құжат айналымы, мобильді жұмыс орны, кадрлық әкімшілендіруге және әлеуметтік төлемдерге онлайн тәсілдер қолдану секілді жобалар белсенді енгізілуде. Онлайн форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі 93%-ға дейін жеткізілді.

"Соның нәтижесінде, 2020 жылы Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 10 позицияға көтеріліп, 193 елдің арасында 29-орынға ие болды. Бөлшек сауда құрылымындағы электрондық сауда көлемі өткен жылы 3 есеге жуық – 3,8%-дан 9,7%-ға дейін өсті. Халықтың қолма-қол ақшасыз операцияларының көлемі 2,5 есеге, 14,1 трлн теңгеден 35,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды", – деді премьер-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу