Қазақстан БҰҰ-ның Ресейге қарсы қарары бойынша дауыс беруден бас тартты

3183

Соғыс кезіндегі бірқатар әрекет әскери қылмысқа теңестірілуі мүмкін.

Қазақстан БҰҰ-ның Ресейге қарсы қарары бойынша дауыс беруден бас тартты

БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесі Ресей Федерациясының Украинадағы әскери қылмыстарын тергеуді бастау туралы қарар қабылдауға дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

33 ел қарардың қабылдануын қолдап дауыс берді. Тек екі ел Қытай мен Эритрея қарсы болды. 12 мемлекет дауыс беруден бас тартты. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Үндістан бар. 

12 мамырда адам құқығы жөніндегі халықаралық ұйымның жетекші органы Украинадағы Ресейдің әскери қылмыстарының дәлелдерін қарау үшін Женевада шұғыл отырыс өткізді.

Украина тарапының айтуынша, Ресейдің ақпан бастаған шабуылынан кейін әскери қылмыс жасады деген жүздеген күдікті анықталған.

БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесінің 34-ші арнайы сессиясында сөз сөйлеген Жоғарғы комиссар Мишель Бачелет соғыс кезіндегі бірқатар әрекет әскери қылмысқа теңестірілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: twitter.com/UN_HRC

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу