Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ербол Тасжүреков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында астықты терең өңдеуге 1,9 трлн теңге инвестиция тартылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд доллар болып, өткен жылмен салыстырғанда 35% өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіп кешені 7 млрд доллардың өнімін экспорттап, өткен жылдың көрсеткішінен 37% жоғары нәтиже тіркеді, – деді Ербол Тасжүреков.
Сондай-ақ, ол майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында 94 млрд теңгенің 13 жобасы іске асырылатынын айтты.
– Астықты терең өңдеу бағытында 1,9 трлн теңгенің 6 ірі жобасы жоспарланған. Сүт саласында 41 млрд теңгенің 12 жоба іске қосылып, қосымша 165 мың тонна қайта өңдеу қуаты іске қосылады, – деді вице-министр.