Қазақстан делегациясы Бакуде өткен АӨСШК Жастар кеңесінің отырысына қатысты

329

Қазақстан жастары халықаралық пікірсайыс турнирінде екі жүлделі орын иеленді.  

Қазақстан делегациясы Бакуде өткен АӨСШК Жастар кеңесінің отырысына қатысты Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Қазақстан делегациясы Әзербайжанның Баку қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Жастар кеңесінің IX отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы жиында жастардың қалалардың тұрақты дамуына қосар үлесі талқыланды.

Отырыс барысында делегация басшылары баяндама жасап, Жастар кеңесінің ұсынымдарын ортаға салды. Сондай-ақ қатысушылар пікірсайыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған білім беру сессияларына қатысты.

Келесі күні жасанды интеллект, білім беру және жас буынның болашағына арналған халықаралық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Еліміздің жастары халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынға ие болды.

АӨСШК Жастар кеңесінің отырысымен қатар WRCC Open Category халықаралық робототехника байқауы өтті. Байқауда жас өнертапқыштар өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Ұсынылған бастамалар ауыл шаруашылығын дамыту, қауіпсіздік технологияларын жетілдіру және Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу