Қазақстан денсаулық жағдайы мен еңбек өтіліне байланысты зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылмақ

96

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.  

Қазақстан денсаулық жағдайы мен еңбек өтіліне байланысты зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылмақ Фото: vera.kz

Мұндай бастаманы Сенат депутаты Амангелді Нұғманов көтерген. Сенатор мұндай өзгеріс еңбек нарығына оң әсер етіп, жұмыссыздықты азайтуы мүмкін екенін атап өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі зейнетақы жүйесінде шешімін талап ететін бірқатар мәселелер бар, сондықтан мемлекеттік органдар мен тәуелсіз сарапшылар тиісті ұсыныстарды талқылап жатыр. Құжатта қазіргі модель негізінен жас пен демографиялық көрсеткіштерге сүйенетіні, ал азаматтардың денсаулығы, еңбек сипаты және кәсіби деңгейі сияқты жеке ерекшеліктер жеткілікті ескерілмейтіні айтылған.

Осыған байланысты ұсыныстар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы сарапшылар кеңесінде қаралатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу