Қазақстан дзюдодан Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты

81

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан дзюдодан Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты Фото: olympic.kz

Аралас командалық сайыстың жартылай финалында отандастарымыз БАӘ құрамасынан басым түсті.

Кездесу 4:3 есебімен аяқталды. Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін) шешуші ұпайға қол жеткізді.

Жартылай финалда ел намысын Бақыт Құсакбаева (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін), Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін), Марат Байқамұров (90 келіден жоғары), Назгүл Маратова (70 келіден жоғары) қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу