Қазақстан ЕАЭО елдерінің тауар өткізуші жүйесін құруға дайын

1088

Еуразиялық экономикалық одақ жүк жеткізу мерзімін қысқартуда стратегиялық, геоэкономикалық басымдыққа ие.  

Қазақстан ЕАЭО елдерінің тауар өткізуші жүйесін құруға дайын

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз постпандемиялық қалыпқа келудің негізгі факторларының бірі бола алатын құрлықтағы тасымалды дамытуда айтарлықтай әлеуетке иеміз", – деді Президент.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстан трансшекаралық күре жолдар мен азық-түлік түлік қауіпсіздігін үйлестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың тауар өткізуші желісін құруға бастамашы болып отыр. Ортақ мүдде үшін одаққа мүше мемлекеттер бұл бастаманы қолдайды дегенге сенім бар.

"Қазақстан соңғы 2 жылда көтерме-тарату орталқтарының ұлттық желісін құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Біз одаққа мүше елдердің тауар өткізуші жүйесін құруға және интеграциялауға қатысуға дайынбыз. Бұл жұмысқа Еуразиялық даму банкінің белсенді қосылып, қазіргі уақытта тиісті қолданбалы зерттеу жүргізіп жатқаны қуантады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу