Қазақстан ЕЭК-тан шикі қантқа қосымша квота сұратты

776

Бұл туралы ведомства өкілі Назгүл Хатепова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан ЕЭК-тан шикі қантқа қосымша квота сұратты

Ауыл шаруашылығы министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссиядан (ЕЭК) Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелуге 300 мың тонна мөлшерінде қосымша квота бөлуді сұрады.         

"Жақын арада шешім қабылданады деп күтеміз", – деді Хатепова сәрсенбіде Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.        

Хатепованың айтуынша, ЕЭК Қазақстанға бөлген квота көлемі (250 мың тонна) ішкі нарықтың жартыжылдық қажеттілігін жабады.        

Ол сондай-ақ ЕЭК-ке бұрын берілген шикі қантты ішкі нарыққа бажсыз әкелуге арналған квота шеңберінде қазіргі уақытта өндірушілер арасында 125 мың тонна мөлшеріндегі квота көлемі бөлінгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу