Қазақстан экологиялық тиімділік бойынша Африка елдерінен артта қалды

1389

Әлемдік рейтингте 180 елдің көрсеткіштері бағаланды. 

Қазақстан экологиялық тиімділік бойынша Африка елдерінен артта қалды Фото: freepik

Еліміз экологиялық тиімділік рейтингінде 93-орында тұр. Бұл туралы сенатор Советбек Медебаев өзінің депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы жылдары Қазақстан экологиялық тиімділік рейтингінде 180 елдің арасында 93-орынға тұрақтап, Намбия, Габон және Зимбабве сияқты елдерден артта қалып отыр. "Жасыл" өмір үшін үздік ел ретінде мемлекетіміз 78 елдің ішінде 72-орында екен. Атап айтқанда, атмосфераның ластануы және тұрмыстық қатты қалдықтардың жиналуы ел үшін ең өзекті экологиялық проблемалардың бірі", - деді ол депутаттық сауалында. 

Сенат депутаты Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейде екенін айтты. 

"Халықаралық озық тәжірибелер мен еліміздің өңірлерінің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық ахуалды жақсатртуға бағытталған кешенді шараларды әзірлеуді ұсынамыз. Екіншіден, ауа, су, топырақтың ластануына әкеп соғатын өндірістер мен өнеркәсіп орындарынна шығатын қауіпті қалдықтар мен қоқыстардың мөлшерін азайту мақсатында әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес экожүйе енгізу және кәсіпорындарды жаппай соған көшу жолдарын қарастыру керек", - деді Советбек Медебаев.

Депутат тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару, оларды бөлек жинау, тамақ және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу жөнінде инфрақұрылым құру мәселесін қарастыруды да ұсынды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу қажеттігін айтқан болатын. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру бойынша қандай жұмыстар қолға алынғанына тоқталғанын жазған болатынбыз. Әр қазақстандық жылына 210-215 келі тұрмыстық қалдық тастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу