Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет жүргізіп жатқан белсенді макроэкономикалық саясат ел экономикасына инвестиция ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Вице-премьер бүгінгі таңда Қазақстан экономикасына ЖІӨ-ге 16-17% көлемінде инвестиция тартылатынын айтты.
"Бізге 23-24% инвестиция тарту керек. Егер цифрмен айтатын болсақ, 2029 жылға дейін ештеңе істемесек, онда 280 млрд доллар инвестиция тартамыз, ал бізге 400 млрд доллар қажет. Меншіктің барлық нысанын тарта отырып, "Бәйтерек" арқылы жүзеге асыратын проактивті макроэкономикалық саясат – бұл екінші деңгейлі банктер, жеке инвестициялар және т.б. Ол бізге жетіспейтін 120 млрд долларды тартуға мүмкіндік береді және бұл бүгінгі таңдағы қажеттілік", – деді Серік Жұманғарин.