Қазақстан электр энергиясын Ресейден импорттауға мәжбүр

939

Биыл қарашада бірнеше өңірде электр тапшылығы сезілген.  

Қазақстан электр энергиясын Ресейден импорттауға мәжбүр

Елде майнинг-фермалардың жұмысының жандануына байланысты электр тапшылығы сезіле бастаған. Бүгінде Қазақстан жетпеген электр энергиясын Ресейден импорттауға мәжбүр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты "KEGOC" АҚ жүйелі оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының бас диспетчеры Бекжан Мұқатов растады.

"Майнинг (криптовалюта өндіру) салаға әсер етіп отырған маңызды фактор болып саналады. Ол электр энергиясын тұтыну көрсеткішіне ықпалын тигізді. Мысалы, 2020 жылы электр энергиясын тұтыну 2%-ға өссе, бүгінде бұл көрсеткіш 7%-ға көтерілді. Әрине, біз бұл көрсеткіштің өсуін майнинг үлесінің артуымен байланыстырамыз", – деді басшы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде жарықты тұтынудың өсуіне байланысты элекр станциялардың жұмысына салмақ түсе бастаған.

"Қазақстанның энергожүйесіндегі электр станцияларында апаттылық қаупі жоғары. Сондықтан электр энергиясының тапшылығы, әрі оны шетелден импорттау қажеттілігі туындап отыр", – деді Бекжан Мұқатов.

Сондай-ақ оның орынбасары Нияз Алпысбаев жетпеген электр энергиясы Ресейден алынып отырғанын атап өтті.

"Биыл майнингтің үлесі күрт өсті. 2020 жылы электр энергиясын тұтыну 7%-ға өсті дедік қой. Энергия орталықтарында жарықты өшіру дерегі көп. Осының барлығы электр энергиясын Ресейден импорттауға алып келеді. Мұндай шараларды жүзеге асырып жатырмыз", – "KEGOC" АҚ жүйелі оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы дистпетчерлік қызметі басшысының орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу