Қазақстан электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша 28 орында

324

Бағдат Мусин Сауд Арабиясының елшісімен кездесті.

Қазақстан электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша 28 орында Фото: Министрлік

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сауд арабиясының Төтенше және Өкілетті елшісі Фесал бен Ханиф Аль Кахтанимен кездесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

​Кездесуде ЦДИАӨ министрі Бағдат Мусин цифрландыру саласындағы жаңалықтармен және осы саладағы болашақ жоспарларымен бөлісті.

​"Бүгін біз технология мен жасанды интеллект біздің өмірімізде шешуші рөл атқаратын жаңа дәуірдің қарсаңында тұрмыз. Біз қазірдің өзінде қызметтерді 100% цифрландыруға келе жатырмыз. Қазақстанның жаһандық мақсаты – аймақтағы ең ірі Цифрлық хабтардың біріне айналу", - деді Бағдат Мусин.

Бүгінде Қазақстан әлемдік аренада 193 елдің арасында лайықты орынға ие, электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша 28 орында, киберқауіпсіздік бойынша – 31 орында, азаматтардың электронды қатысу рейтингісінде Қазақстан 15-орынға ие болды, бұл әлемдегі ең күшті көрсеткіштердің бірі.

​Атап айтқанда, Сауд Арабиясы Корольдігі 2022 жылы электронды үкіметтің дамуы бойынша елдер рейтингінде 31-ші орынды иеленді. Ол онлайн қызмет көрсету индексі бойынша 32-орында, телекоммуникация инфрақұрылымы бойынша 28-ші орында, адам капиталы бойынша 48-ші орынды иеленді.

​Digital Intelligence Index рейтингінде Қазақстан цифрландырудың даму жылдамдығы бойынша 20 орынға ие болды және цифрлық әл-ауқаттың одан әрі дамуы бойынша ең перспективалы елдердің тобына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу