Қазақстан елшісі Ресей президентіне сенім грамоталарын табыс етті

684

Қазақстан елшісі Ресей президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей президенті Владимир Путинге сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Владимир Путин құттықтау сөзінде, Қазақстанның Ресей үшін сенімді дос және стратегиялық серіктес екенін айтты. Ол екі елдің көпжақты институттар мен интеграциялық үдерістер аясында өзара іс-қимыл арасындағы қарым-қатынас жағдайымен қанағаттанғандығын білдірді. Ресей көшбасшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.

Ресей президенті Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Ресейдің қатысатынын растады.

Сонымен бірге президент Қазақстан дипломатын қызметімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Осы күні үлкен кремль сарайының Александр залында өткен салтанатты рәсім кезінде, сенім грамоталарын 18 шет елдің елшілері табыстады, оның ішінде Армения, Бельгия, Бразилия, Израиль, Катар, Түркия, Швейцария және т.б бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу