2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Елшісі TATA Projects менеджментімен кездесті

918

Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаев халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директор Р.К.Пандей мырза бастаған Tata Group Үнді трансұлттық конгломератының еншілес компаниясы – TATA Projects менеджментімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан Елшісі TATA Projects менеджментімен кездесті Фото: gov.kz

Кездесу барысында тараптар желтоқсанда өткен TATA Projects компаниясының сараптамалық тобының ҚР-ға сапарының және бірқатар қазақстандық министрліктер мен ұлттық компаниялардағы кездесулердің қорытындыларын талқылады.

Үндістандық бизнесмендер сапарды ұйымдастыруда елшілікті жан-жақты қолдағаны үшін алғыстарын білдіріп, олардың компаниясының инвестициялық жобаларға, сондай-ақ Қазақстанда энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласында өткізілетін қазақстандық тараптың өтініші бойынша тендерлерге қатысуға мүдделілігін атап өтті. Сондай-ақ, Р.К. Пандей қазіргі уақытта "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметіне TATA Projects қатысу перспективасымен біздің елімізде компания өкілдігін ашу мүмкіндігі зерттеліп жатқанын хабарлады.

TATA Group - капиталдандыру деңгейі бойынша Үндістандағы ең ірі компаниялардың бірі (2022 жылғы наурыздағы жағдай бойынша 3 311 млрд.) және жалпы айналымы $128 млрд. (2022 жылға). Құрамына бизнестің әртүрлі секторларындағы 114 компания мен филиалдар кіреді. 80-нен астам елде өкілдіктері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу