Қазақстан жолдары ең нашар елдер қатарында тұр

1264

Қазақстан жолдары ең нашар елдер қатарында тұр

Қазақстан дүниежүзіндегі ең нашар жолдары бар елдер тізіміне енді, деп хабарлайды Atameken Business.

2017-2018 жылдардағы әлемдегі бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша мамандар жүргізген сараптамада 137 мемлекет қарастырылған. Біздің ел бұл тізімде 2,9 баллдық көрсеткішпен 115-ші орыннан көрінді. Ең нашар жолдары бар елдер тізімінде Мавритания - 1 балл, Конго және Гаити - 2,1 балл, Мадагаскар мен Гвинея 2,2 балл көрсеткішпен тұр.

Тізімді Йемен, Парагвай, Украина, Мозамбик және Молдавия жалғастырады. Ал жолдары ең жақсы елдер көшін Араб Әмірліктері бастап, Сингапур, Швейцария, Гонконг жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу