Қазақстан жағдайы ең нашар елдер ондығына кірді

887

Қазақстан жағдайы ең нашар елдер ондығына кірді

Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының жаһандық құқық рейтингі Қазақстанды жұмыскерлер үшін нашар елдер ондығына қосты, деп хабарлайды LS.
Барлығы 142 мемлекеттің ұйымдары қаралды. Қазақстанмен бірге нашар ондыққа Алжир, Бангладеш, Камбоджа, Колумбия, Египет, Гватемала, Филиппины, Саудия және Түркия кірді. 
"Қазақстанда жұмыскерлер құқының кепілі әлсіз. Қазақстанның кәсіподақ туралы заңы халықаралық стандартқа сай өзгертілген жоқ", - деп жазылған зерттеуде. 
Сондай-ақ Беларусь және Украина елінде де жұмыскерлер құқын қорғау әлсіз. 
Ал жұмыс істеу үшін ең жақсы ел қатарына Аустрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Германия, Исландия, Ирландия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Словакия, Швеция және Уругвай кірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу