Қазақстан "еңбекқор" елдер тізімінде нешінші орында?

982

2021 жылы жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 156 мемлекеттік арасында 93-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан "еңбекқор" елдер тізімінде нешінші орында?

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, Қазақстан ең көп жұмыс істей елдер тізімінде 93-орында тұр. 

Жұмыспен қамтылған бір қазақстандық орташа есеппен аптасына 38 сағат еңбек етеді. 

"Еңбекқор" елдер рейтингісінің көшбасында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) тұр. Мұнда аптадағы орташа жұмыс уақыты – 52,5 сағат, ал халықтың жартысына жуығы аптасына 49 сағаттан аса уақыт жұмыс істейді.

Тізімнің соңында Африканың кедей мемлекеттері тұр: Либерия, Мозамбик және Эфиопия. Мұнда халықты жұмыспен қамту деңгейі өте төмен.

ТМД елдерінің арасында қазақстандықтарға қарағанда Тәжікстан, Грузия, Армения және Украина тұрғындары көп еңбек етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу