Қазақстан ескі әскери техниканы экспортқа шығармақ

1132

Қазақстан ескі әскери техниканы экспортқа шығармақ

Елімізде ескі әскери техниканы қайта жаңғыртып экспортқа шығару жоспарлануда. Мәжілісте "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң жобасын таныстырған салаға жауапты министр Бейбіт Атамқұлов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша әскери бөлім қоймаларында сонау Кеңестік кезеңінен қалған техникалар жетіп артылады. Енді қолданыстан шыққандарын қайта жөндеп, жаңғыртып шетелге шығару ұсынылуда. Ал жарамсыздарын утилизацияға жіберу жоспарланған. Бұл шаралар ел ішінде қару-жарақтың көлеңкелі саудасын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, жаңа заң жобасы бойынша Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылуы мүмкін.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

"Отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылай қолдау және саладағы ұйымдарды жаңғырту мақсатында заң жобасында қорғаныс-өнеркісіп кешенін дамыту қорын құру мүмкіншілігі қарастырылған. Қор министрлікке қарасты әскери-стратегиялық зерттеу орталығы негізінде құрылып, ғылыми-техникалық жобалар мен зерттеулерге қажетті қаражатты жинақтайтын болады"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу