Қазақстан Еуразия даму банкіндегі Ресей үлесін сатып алады

613

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша келіссөздер жүріп жатыр. 

Қазақстан Еуразия даму банкіндегі Ресей үлесін сатып алады Фото: ulysmedia.kz

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Еуразия даму банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алу жөніндегі мәмілеге қатысты айтты деп хабарлайды, inbusiness.kz

Оның сөзінше, Қазақстан Еуразия даму банкінің 4,2% үлесін Ресейден сатып алу туралы келіссөз жүргізуде.

"Келіссөздер жүріп жатыр, үлесті сатып алу ақысы бірнеше кезеңге бөліп төленеді. Жылдарға бөліп есептеген де соншалық үлкен жүктеме шығады деп ойламаймын. Жылына шамамен 7 млрд теңгемен, бюджетке салмақ салмау үшін төлем бірнеше жылға бөлінеді. Жалпы сома 25-30 млрд теңге шамасында болады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан бұрын, ақпарат құралдары Ресей ЕАЭО-қа мүше елдерге ЕАДБ-дегі үлесінен 4,2%-дан алуды ұсынғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстанның  Еуразия даму банкіндегі үлесі 32,9%-ды құрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу