Қазақстан Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар жөніндегі Конвенциясына қосылады

Бұл интернет желісінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. 

Қазақстан Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар жөніндегі Конвенциясына қосылады Фото: google.com

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, мұндай заң бұзушылықтар онлайн жасалатындықтан күдіктіні анықтауда белгілі бір қиындықтар туындайды. 

"Шетелдік байланыс провайдерлері мен интернет-ресурстар иелерінің меншігіндегі ақпаратпен жедел алмасу қажеттілігі туындайды. Оыған байланысты шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және түрлі халықаралық құрылымдармен халықаралық ынтымақтастыққа үлкен рөл беріледі.      Бүгінгі таңда осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты көздейтін жалғыз құжат Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар жөніндегі Конвенциясы болып табылады", – деді спикер. 

Министрлік конвенцияға қосылу жөнінде бірқатар шаралар қабылдады, соның нәтижесінде 2023 жылдың сәуір айында Қазақстанға Еуропа Кеңесінің оған қосылуға шақыруы келіп түсті.

"Бұл шара құқық қорғау органдарына шетелдік құзыретті органдармен жедел ақпарат алмасуға, сондай-ақ интернет желісінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін болады. Сонымен қатар, бізге заңнаманы Конвенцияның нормаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ оны ратификациялау процесі күтіп тұр", – деді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу