Қазақстан "EXPO 2027 Belgrade" көрмесіне қатысып, өз тәжірибесін бөліседі

87

Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы – ұқсас. 

Қазақстан "EXPO 2027 Belgrade" көрмесіне қатысып, өз тәжірибесін бөліседі Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне еліміздің тілектес екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ретте Қазақстан "EXPO 2027 Belgrade" көрмесіне қатысып, өз тәжірибесін бөлісуге дайын.

– Жалпы, бүгінгі келіссөздер өте табысты болды. Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Жан-жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойдық. Осы келісімдердің нәтижесінде екі елдің қарым-қатынасы нығая түсетіні сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ тараптар халықаралық және аймақтық мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

– Жаһандық геосаяси ахуалдың ушығуына, қақтығыстардың көбеюіне бәріміз алаңдап отырмыз. Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы – ұқсас. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және халықаралық құқық нормаларының талаптары қатаң сақталуға тиіс. Кез келген жанжалды келісім арқылы дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз. Біз болашақта да халықаралық деңгейде күш біріктіріп, тиімді жұмыс істеуге, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысамыз деп келістік. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетіні анық. Бұған қос тарап та мүдделі. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді. Бірлесіп әрекет етсек, ортақ мақсаттарға қол жеткіземіз деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу