Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент таңдалды

1536

Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына бес үміткер таласты.

Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент таңдалды

Елордада Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХХІ сайлау конференциясы аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz федерация сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және "Шахтер" футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Әділет Бәрменқұловқа 26 дауыстың 14-іне ие болды.

Дауыс беру қорытындысы:

Әділет Бәрменқұлов – 14 дауыс
Берік Қаниев – 11 дауыс
Давид Лория – 1 дауыс 
Қайрат Оразбеков – 0 дауыс 
Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу