Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын 3:2 есебімен жеңді

793

Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын 3:2 есебімен жеңді

Түнде Будапештте футболдан Қазақстан және Венгрия құрамалары арасында өткен жолдастық кездесуде аяқдопшыларымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл мачтың, әсіресе, жерлестеріміз үшін маңызы зор. Өйткені жақында ғана сайланған жаңа бапкер жігіттердің қарым-қабілетін байқап, алдағы уақытта ел намысын қорғайтын аяқдопшыларды іріктеп алады. Мажарстан футболшылары үшін де бұл шеберлікті шыңдап, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болғаны анық.

Айта кетейік, Қазақстан мен Венгрия құрамалары ең соңғы рет 2014 жылы кездескен еді. Ол кезде Венгрия 3: 0 есебімен жеңген еді. Ал 26 наурыз күні футболшыларымыз Болгария құрамасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу