Қазақстан-Германия арасындағы тауар айналымы артып келеді

582

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті. 

Қазақстан-Германия арасындағы тауар айналымы артып келеді Фото: primeminister.kz

2021 жылы Қазақстан экономикасына тікелей неміс инвестицияларының көлемі 25%-ға артып, 320 млн АҚШ долларынан асқан, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы өткен жылы 6%-дан астамға өсіп, $2,2 млрд-ты құрады. Биыл да өсім байқалып отыр.

Германия – еліміздің Еуропалық одақтағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. 

"Инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеуетіміз бар", - деді Премьер-министр. 

Ақпаратқа сәйкес, жалпы қуаты 45 ГВт жел және күн электр станциялары мен "жасыл" сутегі өндіретін энергетикалық кешен салу бойынша жоспарланған жобалар бар.

Әлихан Смайылов елордада Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының қамқорлығымен Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашу бастамасының маңызына тоқталды. 

Анналена Бербоктың айтуынша, екі тарапқа да тиімді болуы үшін экономикалық қатынастарды тең дәрежеде дамыту маңызды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу