Қазақстан Германияға 100 мың тонна мұнай жіберуді жоспарлап отыр

529

Тасымалдау жұмыстары наурыз айында басталады.  

Қазақстан Германияға 100 мың тонна мұнай жіберуді жоспарлап отыр Фото: egemen.kz

Бұл туралы Reuters агенттігі аталмыш саладағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Atameken Business.

Шведт неміс МӨЗ үшін қазақстандық мұнайды экспорттау туралы келіссөздер өткен жылдың соңында басталды. Мұнай құбыры Ресей аумағы арқылы өтеді әрі ресейлік Транснефть компаниясына тиесілі болғандықтан, қаңтар айында Қазақстан көршілес елден транзитке ауызша растау алды. Алайда, барлық тараптың келісімдеріне қарамастан, жеткізілімдер кейінге қалдырылады.

Бұған коммерциялық және құқықтық мәселелерді үйлестіру кедергі келтіреді, дейді Рейтер дереккөздері. Алайда, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Германияға үш жүз мың тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр. Ал жыл қорытындысы бойынша - бір миллион екі жүз мың.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу