Қазақстан Германияға мұнайдың бірінші партиясын әлі жіберген жоқ

713

Қазақстан Германияға мұнайдың алғашқы партиясын әлі жіберген жоқ. Себебі сатып алушы мен жеткізуші арасында коммерциялық келіссөз жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан Германияға мұнайдың бірінші партиясын әлі жіберген жоқ

Бұл іске Қазақстанның ешқандай қатысы жоқ деді министр Болат Ақшолақов. Сөзінше, біздің жақтан барлық мәселе шешіліп тұр.

"Техникалық кедергілер жоқ. Негізі мұнайдың алғашқы партиясы яғни  20 мың  тонна 1-ші ақпанда жөнелтілуі тиіс еді. Басында энергетика министрі  "Дружба" құбыры арқылы жіберілетін болған соң, Ресейден жауап күтіп отырмыз деп түсіндірді. Кейіннен техникалық мәселе туындады", дейді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Қазақстан келер жылы да мұнай өндірісі көлемін арттыра береді. Мұндай болжамды АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасы жариялады. Қазірдің өзінде елімізде орташа тәулігіне шамамен 2 млн баррель мұнай мен сұйық көмірсутек өндіру жоспарланған. Бұл өткен жылға қарағанда 170 мың тоннаға артық. Өндіріс 2-ші тоқсанда сәл-пәл азаюы мүмкін. Бірақ, 2024 жылдың басында қайта көтеріледі және сол шама жыл аяғына дейін сақталады деген болжам бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу