Қазақстан Грузия арқылы 3 млн тонна мұнай тасымалдамақ

1122

Биыл Қазақстан Грузия арқылы 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Грузия арқылы 3 млн тонна мұнай тасымалдамақ

Грузияның экономика және тұрақты даму министрлігінің мәліметінше, вице-премьер, экономика министрлігінің басшысы Леван Давиташвили Қазақстан президентінің арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегациямен кездескен.

Қос тарап Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мәселелерді талқыға салып, бұл салаларда екі елдің әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

"Қазақстандық тарап грузин дәлізі бойынша жүк айналымын ұлғайтуға мүдделі. 2022 жылы Қазақстан Грузин дәлізі бойынша 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттырмақ", – деп жазылған хабарламада.

Кездесуде Грузияның көлік инфрақұрылымы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен Еуропаға жүк тасымалдауға барынша дайын екені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу