Қазақстан Грузияға каучук, алюминий және мыс жеткізбек

1480

Грузияға мұнай өнімдерін, азотты тыңайтқыштар, макарон өнімдерін, темір прокаттарын, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмекті экспорттайды. Ал Грузиядан елімізге біз шарап, алкогольсіз сусындар мен минералды сулар, металл құбырлар, вакциналар, сүт импортталады.

Қазақстан Грузияға каучук, алюминий және мыс жеткізбек

Отандық өндірістегі көпіршіктелген каучук, сондай-ақ алюминий мен мыс жақын арада Қазақстаннан Грузия нарығына жеткізілуі мүмкін. Бұған Тбилисиде өткен сауда-экономикалық миссия барысында грузиндік тарап қызығушылық танытқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның сыртқы сауда палатасына сілтеме жасап.

Қыркүйек айының соңында Қазақстан-Грузия бизнес-форумы өтті. Басқосуды Грузия Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Грузия Сауда-өнеркәсіп палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы бірлесіп ұйымдастырды.

Бизнес-форум тау-кен, құрылыс және машина жасау салаларындағы ірі қазақстандық кәсіпорындары және әлеуетті грузиндік сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатқан негізгі диалог алаңы болды. Оның қорытындысы бойынша екі елдің сауда палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Қазіргі уақытта қазақстандық "IT&M" компаниясы Грузияға көпіршіктелген каучук жеткізуі туралы келіссөз жүргізуде. Сондай-ақ көшпелі кездесулердің аясында "DIO" компаниясы Қазақстандағы заманауи аз шығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған "KazMinerals" компаниясынан алюминий мен мыс сатып алуға қызығушылық білдірді.

Қазақстан Грузияға мұнай өнімдерін, азотты тыңайтқыштар, макарон өнімдерін, темір прокаттарын, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмекті экспорттайды. Ал Грузиядан елімізге біз шарап, алкогольсіз сусындар мен минералды сулар, металл құбырлар, вакциналар, сүт импортталады.

2018 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында екі елдің арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 67%-ға ұлғайып,  77 млн АҚШ долларын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу