Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?

353

Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген. 

Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді? Фото: stat.gov

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Салыстырып өтсек, 2022 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 46 млн долларды құраған (6 832 тонна).

2023 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна, Нидерланд – 1 633 тонна, Кения – 635 тонна және Колумбия – 488 тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу