"Қазақстан халқына" қорына кімдер ақша аударды?

6370

Биыл 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында қордың құрылғанын мәлімдеді.

"Қазақстан халқына" қорына кімдер ақша аударды?

Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешумен айналысады. Ірі бизнес өкілдері мен олигархтар қорға ақша аударып отыруы тиіс.

Жаңа ұйымды Болат Жәмішев басқарады. Ол бұрын қаржы құрылымдарында жұмыс істеген, қаржы министрлігін басқарған.

21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы қордың жұмыс істеп жатқанын еске салған, ал 28 қаңтарда Nur Otan партиясының съезінде ақша аударған кәсіпкерлерге алғыс айтқан.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір бизнесмендер оның бастамасын қолдауға асықпайтынын атап өткен.

"Бұл ашкөздік, нигилизм, әдепсіздік немесе немқұрайлылық па? Қалай болғанда да мемлекет бұл сұраққа толық жауап алу үшін барлық өкілетке ие", – деді Президент бизнес өкілдерімен кездесуде.

Биыл 3 ақпандағы жағдай бойынша "Қазақстан халқына" 113,4 млрд теңге аударылды. Қорға қандай компаниялар мен кімдердің ақша аударғанын төмендегі тізімнен көруге болады:

2022 жылғы 17 қаңтар

"Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС – 350 млн теңге

Абулғазин Данияр Рустемұлы – 500 млн теңге

2022 жылғы 18 қаңтар

Сұлтанғазин Алмас Өмірзақұлы – 200 млн тенге

"Халық" қайырымдылық қоры – 2 млрд теңге

"Қазақ мұнай және газ институты" АҚ – 500 млн теңге

"Kaspi дүкені" ЖШС – 3 млрд теңге

Kaspi Bank АҚ – 7 млрд теңге

Asia FerroAlloys ЖШС, YDD Corporation ЖШС және олардың акционерлері – 1 млрд теңге

2022 жылғы 19 қаңтар

Нұрсұлтан Назарбаев қоры – 500 млн теңге

Қазақстан халық жинақ банкі – 3 млрд тенге

"Қаратас Майнинг" ЖШС – 100 млн теңге

Lancaster group Kazakhstan АҚ – 500 млн теңге

Bazis Сonstruction ЖШС – 400 млн теңге

2022 жылғы 20 қаңтар

"СарыарқаАвтоПром" ЖШС – 250 млн теңге

BI-Development ЖШС – 300 млн теңге

"Астана-Моторс" ЖШС – 550 млн теңге

2022 жылғы 24 қаңтар

"Сәби" жеке қайырымдылық қоры 1 млрд теңге

Избасин Мұхамед Теміртайұлы – 100 млн теңге

NAK Development ЖШС – 100 млн теңге

Махат Рашит Мұкарамұлы – 50 млн теңге

2022 жылғы 25 қаңтар

Kazakhmys Smelting ЖШС – 5 млрд теңге

Kaz Minerals Aktogay ЖШС – 6,2 млрд теңге

Kaz Minerals Bozshakol ЖШС – 6,2 млрд теңге

"Востокцветмет" ЖШС – 3,1 млрд теңге

2022 жылғы 27 қаңтар

Болат Өтемұратов – 10 млрд теңге

"Рамс-Казахстан" ЖШС – 300 млн теңге    

2022 жылғы 28 қаңтар

Сүлейменов Диас Төлеутайұлы – 450 млн теңге

"Халық" қайырымдылық қоры – 10 млрд теңге

"Банк ЦентрКредит" АҚ – 200 млн теңге

"Көліктік сервис орталығы" АҚ – 150 млн теңге

ERG корпоративтік қоры– 30 млрд теңге

2022 жылғы 31 қаңтар

Altyntau Kokshetau АҚ – 6 млрд 470 млн теңге

"Казцинк" ЖШС – 5 млрд 855 млн теңге

ТОО "КаР-Тел" – 2 млрд теңге

"Жәйрем КБК" АҚ –  675 млн теңге

Цхай Яков Андреевич –  500 млн теңге

MabetexGroup компанисы –  500 млн теңге

Genesis Digital Assets ЖШС – 300 млн теңге

"Саутс ойл" ЖШС – 200 млн теңге  

2022 жылғы 1 ақпан

APL Construction ЖШС –  800 млн теңге

Eurotransit Nur zholy ЖШС – 450 млн теңге

Gas Processing Company ЖШС – 450 млн теңге

"Банк ЦентрКредит" АҚ – 300 млн теңге

Integra Construction KZ ЖШС – 200 млн теңге

Sapa Software ЖШС – 100 млн теңге

Итемгенов Қайрат Шәкіртұлы – 100 млн теңге

2022 жылғы 2 ақпан

Тұрлов Тимур Русланұлы – 500 млн теңге

Ыдырысов Дінмұхамет Аппазович – 300 млн теңге

Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы – 250 млн теңге

"Бағыстан" ЖШС – 100 млн теңге

Vertex Trans ЖШС – 20 млн теңге

"Эдельвейс Транс" ЖШС – 20 млн теңге.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу