"Қазақстан халқына" қорынан түскен ақшаға салық салынбайды

884

Қорға ақша аударған бизнес үшін салықтық жеңілдік беріледі. 

"Қазақстан халқына" қорынан түскен ақшаға салық салынбайды

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Салық салу тұрғысынан қордан түскен қаражат алушының табысы болып табылады. Ол қайтарымсыз негізде беріледі және мұндай табысқа салық салынбайды. Осы тұрғыдан салық кодексінің кей тұстары қайта қаралмақ", – деп түсіндірді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.

Сонымен қатар "Қазақстан халқына" қорына ақша аударған бизнес үшін салықтық төлемдер мөлшері азаяды.

"Кәсіпкерлік субъектілерінің "Қазақстан халқына" қорына аударымдарын ынталандыру мақсатында қазір Ұлттық экономика министрлігінің сайтында салық кодексіне жарналар енгізу кезінде салық салынатын табысты немесе мүлікті азайту құқығын беру бөлігінде өзгертулер қарастырылуда. "Қазақстан халқы" қоғамдық-әлеуметтік қор. Қазір бұл жарналардың көлемі талқылануда", – деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу