Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

719

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты Фото: kursiv.kz

Ел тұрғындарының саны 20 604 819 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері ел халқы 104 997 адамға немесе 0,51%-ға өскен. Оның ішінде табиғи өсім – 99 419 адам, көші-қон өсімі – 5578 адам.

Тұрғындар саны төмендегі қалаларда өскен: 

  1. Астана – 51 429 адамға (3,14%) артып, 1 690 605 адамға жетті;
  2. Алматы – 31 690 адамға (1,35%) өсіп, 2 379 793 адамды құрады;
  3. Шымкент – 19 298 адамға (1,49%) көбейіп, 1 313 348 адамға жетті.

12 облыста халық саны азайған. Абсолюттік көрсеткіш бойынша ең көп төмендеу Түркістан облысында тіркелді. Өңір халқының саны 4212 адамға кеміген. Одан кейін Жамбыл облысы (3951 адам) және Абай облысы (3817 адам) тұр.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан қалаларында 13,2 миллион, ал ауылдық жерлерде 7,4 миллион адам тұрады.

Жыл басынан бері қала тұрғындарының саны 126,6 мың адамға артқан. Ал ауыл халқының саны 21,7 мың адамға азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу