Қазақстан халқының саны жарияланды

474

Ұлттық статистика бюросы жаңа ақпарат жариялады.  

Қазақстан халқының саны жарияланды Фото: inbusiness.kz

Жаңа дерек бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны – 20 495 975 адам, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға өсті.

Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жетті, ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады.

1 миллионнан аса қазақстандық мына өңірлерде тұрады:

  • Астанада – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);
  • Алматы облысында – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);
  • Жамбыл облысында – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);
  • Шымкентте – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);
  • Қарағанды облысында – 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).

Халқы аз өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайды);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға азайды);
  • Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайды).

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалаларда 13 029 803 қазақстандық (256 688 адамға артты), ауылдарда – 7 466 172 қазақстандық тұрады(44 112 адамға азайды).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу