Қазақстан халқының тек 59 пайызы ғана еңбекке жарамды

5363

Қазақстан халқының тек 59 пайызы ғана еңбекке жарамды

Осы жылдың І-тоқсанының соңында Қазақстан халқының саны 18,2 млн адамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,3%-ға жоғары, деп хабарлайды ranking.kz. 
Ал 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің үлесі – 29,4%. Бұл дегеніңіз 5,3 миллион адам. Сондай-ақ, жалпы халықтың 2,1 миллионы – зейнеткерлер. Яғни, 63 жастан жоғары ер адамдар мен 58 жастан жоғары әйелдердің үлесі 11,3%-ға тең. Қалған 59%-ы – еңбекке жарамды адамдар.
Әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, жыл өткен сайын еліміздегі балалар мен жасөспірімдердің саны артып келеді.

Статистика комитетінің дерегінше, 2009 жылы Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің үлесі жалпы халықтың 24,1%-ын құраған екен. Бұл сол кездегі ел тұрғындарының 3,85 миллионы. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 27,7%-ға (4,96 миллион адам) тең болды. 
Зейнеткерлердің соңғы он жылдағы үлес салмағы тұрақты. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан зейнеткерлерінің саны жалпы халықтың 6,6% және 7,1% аралығын құрап отыр. Яғни, ел халқының шамамен 1 миллионнан астамы – зейнеткерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу