Қазақстан халықаралық әуе бағыттарын кеңейтуді жалғастырады

128

Алдағы уақытта Азия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерін қамтиын бірқатар жаңа бағыттарды ашу және қайта жаңалау жоспарланып отыр.  

Қазақстан халықаралық әуе бағыттарын кеңейтуді жалғастырады Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен дамытуды биыл да жалғастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Ұшу аумағын кеңейту отандық әуекомпаниялары және шетелдік тасымалдаушылар есебінен қамтамасыз етілетін болады.

SCAT әуекомпаниясы Шымкент қаласынан келесі рейстерді бастайды:

  • Бішкек (Қырғызстан) –29 наурыздан;
  • Новосібір (Ресей) -19 мамырдан;
  • Санкт Петербург (Ресей) -1 маусымнан;
  • Тель-Авив (Израиль) – 9 масымнан.
  • Air Astana халықаралық желісін келесі бағыттармен кеңейтеді:
  • Алматы – Шанхай (Қытай) – 29 наурыздан;
  • Астана – Гуанчжоу (Қытай) – 2 маусымнан;
  • Алматы – Ларнака (Кипр) – 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін (маусымдық);
  • Астана – Ларнака (Кипр) – 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін (маусымдық);
  • Алматы – Даламан (Түркия) – көктемгі-жазғы навигация кезеңінде;
  • Алматы – Салала (Иордания) – 9 наурыздан;
  • Астана – Салала (Иордания) – 9 наурыздан.

Сонымен қатар, 2026 жылы Алматы – Токио (Жапония) бағытын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

FlyArystan келесі рейстерді іске қосады:

  • Алматы – Самарқанд (Өзбекстан) – 17 наурыздан;
  • Алматы – Сиань (Қытай) – маусым айында (слоттарды келісу күтілуде);
  • Ақтау – Үрімші (Қытай) – маусым айында.
  • Сондай-ақ Алматы – Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) бағытын ашу жоспарлануда.

Шетелдік тасымалдаушылар арасында:

  • LOT Polish Airlines  Алматы – Варшава рейсін 31 мамырдан ашады;
  • Air Arabia Dammam Алматы – Даммам (Сауд Арабиясы) рейсін іске қосуды жоспарлап отыр;
  • Royal Jordanian Алматы – Амман (Иордания) рейсін орындау мүмкіндігін қарастыруда.

Жаңа маршруттар сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіне ықпалдасуына әсерін тигізеді деп күтілуде.

Маршруттық желіні кеңейту көлік байланысын арттыруға және Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған азаматтық авиацияны дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу