Қазақстан халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелерін реттеуді күшейтпек

250

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының (ҚазАТО), салалық қауымдастықтардың және халықаралық автомобиль тасымалдары нарығы субъектілерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелерін реттеуді күшейтпек Фото: Көлік министрлігі

Кездесу халықаралық автомобиль тасымалдары саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және қалыптасқан проблемаларды шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеуге арналды.

"Кеңес барысында қатысушылар халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру, рұқсат құжаттарын бөлу, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, салалық процестерді цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады", – делінген хабарламада. 

Көтерілген барлық мәселелер бойынша Көлік министрлігінің өкілдері жан-жақты түсіндірме беріп, отандық тасымалдаушылардың жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар халықаралық көлік қызметтері нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елдің транзиттік әлеуетін кеңейту және көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар және бизнес арасындағы конструктивті диалогтың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы өзекті мәселелерді шешу және оны одан әрі жетілдіру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу