Қазақстан Хорватия арқылы Венгрияға 85 мың тонна мұнай жөнелтті

456

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан Хорватия арқылы Венгрияға 85 мың тонна мұнай жөнелтті Фото: kmg.kz

Қазақстан Венгрияға 85 мың тонна алғашқы мұнай партиясын экспорттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұнай Новороссийск портынан Хорватияның Омишаль портына дейін "Қазақтеңізкөлікфлотының" "Alatau" танкерімен тасымалданған. Ал бұл порттан шикізат Мажарстанның Сазхаломбатта мұнай өңдеу зауытына дейін Адрия мұнай құбыры арқылы жеткізіледі. Бұл мұнай құбырын Хорватияның Jadranski naftovod компаниясы (JANAF) басқарады.

ҚМГ хабарлауынша, Танкер Хорватияға келгеннен кейін ҚМГ, MOL Group және JANAF өкілдерінің кездесуі өткен. Тараптар алдағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөз нәтижесінде ҚМГ мен MOL Group арасында мұнай жеткізу мәселелеріне қатысты негіздемелік келісімге қол қойылған. 

Бұл бастама Қазақстанға ҚМГ мұнайы экспортының географиясын ЕуроОдақ нарығында едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы жарты жыл ішінде "ҚазМұнайГаз" 13 млн тонна мұнай мен газ өндірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу