Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында

758

Тізімде 131 мемлекет бар. 

Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында

2020 жылы Қазақстан инновация деңгейі бойынша 131 мемлекет қатысқан әлемдік рейтингіде 77-орынға жайғасты, деп хабарлады inbusiness.kz. тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл тізімде еліміздің индексі 28,6-ны құрады. Нәтижесінде Қырғызстаннан алда, Ресей, Армения сынды экономикалық одақ мемлекеттерінен артта қалдық. 
Ал әлемдік рейтингіде Швейцария, Швеция және АҚШ көш бастап тұр.

Жалпы бұл тізім – дүниежүзі елдеріндегі инновация дейгейін анықтайтын жоба. Индекс 80 көрсеткіш негізінде экономикалық жағдайы әр түрлі мемлекеттердегі жаңа технологиялардың даму көрсеткішін айшықтайды. 
Рейтингіде көрсеткіштер 2 бағыт бойынша есептеледі. Олар: 
- Инновация үшін жасалған жағдай (Innovation Input);
- Бұл салада жеткен жетістіктер (Innovation Output).

Бірінші бағыт бойынша Қазақстан рейтингте 60-сатыға жайғасты. Ал екінші бағыт бойынша 94-орынға ие болды. Осылайша ортақ нәтижелер 77-орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

Әлем елдерінің инновация дейгейін анықтайтын 80 көрсеткіш 7 негізгі санатқа жіктелген. Бұл ретте "Институттар" бағыты бойынша Қазақстанның индексі 69-ды құрады. Аталған санат мемлекеттегі кәсіпкерлік, саясат, құқықтық базаны бағалайды. Бұл еліміз үшін жақсы нәтиже болып есептеледі.

Ал ең төмен баға "Шығармашылық нәтижелер" санаты бойынша берілген. Бұл рейтингідегі 105-орын. Аталған көрсеткіш материалдық емес активтерді, интернет қызметінің деңгейін анықтайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу