Қазақстан интернет жылдамдығы жөнінен әлемде нешінші орында?

767

Speedtest Global Index интернет ең жылдам елдер мен қалалар тізімін жариялады.

Қазақстан интернет жылдамдығы жөнінен әлемде нешінші орында? Фото: canva

Жаңа зерттеуде мамандар 2023 жылы 179 елдің 200 қаласындағы мобильді интернет пен кең жолақты қолжетімділікті өлшеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлемдік сервис мәліметінше, мобильді интернет рейтингінде Қазақстан 6 саты жоғарылаған, алайда топ-50 тізімге кірмейді. 

Қазақстан орташа алғанда секундына 34,06 мб жылдамдықпен 68-орында тұр.

Ал интернеттің кең жолақты қолжетімділік жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 94-орында, Жапония 22-орында тұр.

Зерттеу ең жылдам интернет (200,24 мб/с) Біріккен Араб Әмірліктерінде екенін көрсетті. Екінші орында - Катар (182,98 с/мб). Ал үшінші Кувейт (152,95 с/мб).

ТМД елдерінің орны келесідей:

Әзірбайжан 59-орын;

Қазақстан 68-орын;

Армения 81-орын;

Қырғызстан 82-орын;

Ресей 96-орын;

Өзбекстан 107-орын;

Беларусь 132-орын;

Тәжікстан 133-орын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу