Қазақстан инвесторлар қауымдастығы "Атамекенмен" серіктестікті күшейтеді

242

Қазақстан инвесторлар қауымдастығының Кеңес төрағасы Болат Ақчұлақов пен Басқарма төрағасы Рүстем Жүрсінов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті.  

 Қазақстан инвесторлар қауымдастығы "Атамекенмен" серіктестікті күшейтеді Фото: Қазақстан инвесторлар қауымдастығы

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және экономикалық бастамаларды іске асыру бағытында өзара серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әсіресе ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, инвестициялық қоғамдастықты біріктіру және инвесторлардың мүдделерін қорғау мәселелеріне басымдық берілді.

Сондай-ақ мемлекеттік органдармен жүйелі әрі тұрақты өзара іс-қимыл орнату арқылы елдегі инвестициялық ахуалды нығайту қажеттігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Атап айтқанда, Қазақстан инвесторлар қауымдастығы жақын арада "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өтеді. Сонымен қатар келесі аптада қауымдастықтың басшылығы мен құрылтайшылары – KAZENERGY қауымдастығы, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы, Қазақстанның электроэнергетика қауымдастығы, "Тау-Кен Қазақстан" қауымдастығы, Қазақстан Республикасы сауда желілері одағы өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан инвесторлар қауымдастығы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз әрі жүйелі ынтымақтастықты елдегі инвестициялық ортаны жақсартудың маңызды факторларының бірі ретінде қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу