Қазақстан инвесторлары үшін отандық сауда-саттық алаңы ашылды

494

ITS сауда-саттық алаңы - биржада сатылған құнды қағаздарды инвесторлар арасында қайта сатуға мүмкіндік беретін алаң. Мұндай платформаның ашылуына уақыт белдеуі мен географиялық ерекшеліктер түрткі болған.

Қазақстан инвесторлары үшін отандық сауда-саттық алаңы ашылды Фото: mos.ru

Сауда-саттық Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де басталды, деп жазады inbusiness.kz ITS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұндай платформаларда тек қана шыққан құнды қағаздардың өтімділігін арттыру үшін инвесторлар арасында сауда-саттық жүргізіледі, яғни биржа әдеміндегі екінші нарық деуге болады. Бұл платформаның елімізде пайда болуына географиялық ерекшеліктер мен уақыт белдеуі себепші болды. Өйткені Азия нарықтары ашылған кезде біз әлі ұйқыдан әлі тұрмағанбыз, ал америкалық нарықтарға түн ортасында кіруге тура келетін. Ал біз Шығыс пен Батыс нарығын біріктіріп, күндіз инвестиция жасауға мүмкіндік ашып отырмыз", - деді "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров. 

Аталмыш платформадағы реттеуші құралдар мен кіру ережелері шетелдік сауда-саттық алаңдары талаптарына сай. Алғашқы кезеңде NYSE және NASDAQ қор биржаларында американдық листингтен өткен 1570 акция мен депозитарлық қолхаттар инвесторларға қолжетімді болады. 

Қазақстан теңгесін АҚШ долларына айырбастау ITS сауда алаңында аккредиттелген брокерлердің қызметі арқылы жүзеге асырылады.

ITS-те ұсынылған халықаралық үлестік бағалы қағаздар Dow Jones Industrial Average, Nasdaq-100, S&P 500 және Hang Seng Index сияқты әлемдегі ең ірі индекстерге кіреді және жаһандық экономиканың 69 секторын қамтиды.

– Біз АХҚО юрисдикциясында ITS халықаралық сауда алаңының іске қосылуын құптаймыз. ITS  АХҚО Қаржы қызметтері органынан лицензия алған инвесторларға әлемдік бағалы қағаздар нарығына қол жеткізуге мүмкіндік беертін алғашқы компания болды. Біз әлемдік сайттардың бірінші жаһандық премаркеті ITS платформасы алдында АХҚО юрисдикциясында пайда болады деп күтеміз. ITS бойынша сауданың басталуы Қазақстандағы жеке инвестициялардың өсуіне ықпал етеді және тұтастай алғанда АХҚО жалпы экожүйесі мен елдің қаржы нарығын табысты дамытудың маңызды элементі болады, - Ренат Бектұров. 

ITS бойынша сауда-саттық сессиясы Астана уақыты бойынша келесі күні сағат 11:00-ден 03:00-ге дейін 16 сағат бойы жалғасады. Бұл инвесторларға корпоративтік және экономикалық оқиғаларға жедел ден қою арқылы инвестициялық портфельдерін тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу екінші сауда күнінде жүзеге асырылады (T+2). ITS сауда күнтізбесі NYSE, NASDAQ және HKEX сауда күнтізбелерімен синхрондалады.

ITS бизнес моделі инвесторларға әлемдік қаржы нарығында және кез келген көлемде ең жақсы бағамен ITS-те бағалы қағаздармен сауда жасауға мүмкіндік беретін best execution принципіне және өтімділік бойынша smart order routing технологиясына негізделген. ITS сауда-саттық басталғаннан кейінгі бірінші жартыжылдықта платформаға шамамен 15 кәсіби қатысушы қосылады деп күтеді.  

ITS 1 маусымда сауда алаңына бағалы қағаздармен сауда-саттықты өткізуге көпжақты сауда платформасымен (operating a multilateral Trading Facility, MTF) жұмыс істеуге лицензия берген АХҚО заңнамасы мен реттеуіне сәйкес құрылған және қызметін жүргізетін болады

"АХҚО – инфрақұрылым, тұтынушыларды сәйкестендіру жүйесі, әртүрлі елдерден қатысушыларға қолжетімділік, сауда алаңын іске қосуға мүмкіндік беретін құқықтық реттеу секілді барлық жағдайды жасады. ITS Азия елдерінің қаржы делдалдары мен инвесторларын тарту арқылы қазақстандық брокерлерге трансшекаралық бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін береді. Бұл ұлттық қаржы нарығының өтімділігін арттырады және Қазақстанда бар барлық бағалы қағаздарға сұранысты ынталандырады", деп түсіндірді ITS Басқарма төрағасы Шыңғыс Қанапиянов.

ITS сауда платформасы өзіндік қор индекстерінің түпнұсқа желісін құруды көздеп отыр, атап айтқанда, олардың біріне қазақстандық және халықаралық компаниялардың акциялары кіреді. ITS сауда-саттық басталғаннан кейін үш ай ішінде өзінің алғашқы индексін есептеуді бастауды жоспарлап жатыр.

ITS саудасына кіретін бағалы қағаздардың мысалдары

АҚШ-тағы кейбір листингілік компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттары

● Advanced Micro Devices, Alibaba Group, Amazon, Apple, Baidu, Baozun, Bilibili, Coinbase Global, Intel, JD.com, Li Auto, Marathon Digital Holdings, Microsoft, NVIDIA, TAL Education Group, Tesla, Vipshop, Virgin Galactic компаниялардың  акциялары;

● Ұлыбританиядағы компаниялардың американдық депозитарлық қолхаттары (AstraZeneca, Endava, Rio Tinto, Shell), Швейцарии (Novartis), Финляндии (Nokia), Германии (BioNTech, SAP), Бразилии (Nubank), Бельгии (Anheuser-Busch InBev), Индии (Dr. Reddy’s Laboratories), Японии (Sony Group, Toyota Motor, Takeda Pharmaceutical), Южной Кореи (LG Display, SK Telecom, Korea Electric Power), Бразилии (Vale, Natura & Co) және т.б.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу